Қызылордалық полицейлер ірі көлемде есірткі затын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 сәуір күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Самара-Шымкент тасжолының 1383/883 шақырымында Байқоңыр қаласынан Арал ауданына қарай бағыт алған “Ваз – 2114” маркалы автокөлігін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан. Тексеру барысында көліктің артқы орындығындағы сөмкенің ішінен полиэтилен пакетіне оралған ерекше иісі бар, шөп тәріздес зат анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы жарты келіден астам кептірілген марихуана болып шықты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Айгүл ӘЛІШЕРОВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!