фото: gov.kz
Тәртіп сақшылары азаматтарға интернет-алаяқтықтың кең тараған тәсілдерін еске салып, сақ болуға шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
- 1. SMS арқылы келген кодтарды, CVV, PIN-код пен онлайн-банкинг логиндерін ешкімге жария етпеңіз;
- 2. Күмән тудыратын сілтемелерге өтпеңіз;
- 3. Бейтаныс нөмірлерге қайта қоңырау шалмаңыз;
- 4. Банк, «Қазпошта» және басқа да ресми ұйымдар ешқашан телефон арқылы ақша аударуды сұрамайды;
- 5. Күмән туындаған жағдайда әңгімені бірден тоқтатып, ресми байланыс орталығына хабарласыңыз.
Егер сіз алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, дереу полицияға жүгініңіз немесе «102» нөміріне қоңырау шалыңыз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!