27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған полиция бөлімінің бастығы қамауға алынды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі күдіктіні 2 айға қамауға алынғанын мәлімдеді. «Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 14 қарашадағы шешімімен күдікті К.-ға қатысты 2 ай мерзімге «қамау» бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты сот шешімі қанағаттандырды», – делінген хабарламада. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

сурет zhetysu.gov.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!