Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов 1 маусымға дейін балалардың бос уақытын ұйымдастырудың жаңа түрлерін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

«Лагерьлерде балалармен жұмыс істейтін қызметкерлерді мұқият іріктеу қажет. Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, жазғы демалыс және балаларды жұмыспен қамту барлық жерде тиісті деңгейде ұйымдастырылмайды, жұмыс көбінесе есеп беру үшін ресми түрде жүзеге асырылады», – деп атап өтті Олжас Бектенов үкімет отырысында.

Оның айтуынша, қызықты және мазмұнды іс-шаралар аз. Олардың сапасы балалардың қызығушылығы мен бейімділігіне сәйкес болуы тиіс.

«Қауіпсіздік және санитарлық талаптар бойынша мәселелер бар. Бұл проблемаларды 1 маусымға дейін жою қажет», — деп түйіндеді Бектенов.

Оқу-ағарту, мәдениет және ақпарат, цифрландыру министрліктеріне балаларды лагерьлермен, үйірмелермен, секциялармен сауықтыру және бос уақытты өткізу бойынша барлық нысан туралы толық ақпаратпен қамту үшін бірыңғай электронды платформа құру жөніндегі жұмысты аяқтау тапсырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!