Мәжілісте тілшілер Үкімет басшысынан «балаларының қайда білім алатынын?» сұрап көрді.
«Әрине, елдегі білімге де, денсаулық сақтау саласына да сенім артамыз. Жеке өзім және отбасым осында, Қазақстанда емделеміз. Мен Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алдым. Балаларым қазір Астанада мемлекеттік мектепте білім алып жатыр», – деді Үкімет басшысы тілшілерге берген сұхбатында.
Айта кетсек, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұған дейін Кипрда оқитын балаларын 26 маусымда Қазақстандағы мектепке қайтаратынын мәлімдеген. Тіпті журналистерге фотомен есеп беруге де уәде берген еді. Ал 13 қыркүйекте үкімет кулуарында журналистер осы жөнінде сұрағанда Саясат Нұрбек жеке мәселесіне араласпауын айтып, сұраққа жауап бергісі келмеді. Кейін балалары Кипирдегі оқуын жалғастыратынын айтып, бұл ісін білімнің сапасы жоғары әрі арзан екенімен түсіндірді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!