Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды.
Салтанатты іс-шара барысында Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Ғалымқызы БАҚ қызметкелерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Құрметті әріптестер! Сіздерді келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Бұқаралық ақпарат құралдары біздің азаматтық қоғамның айнымас бөлшегі. Сіздер осы қоғамның дамуына үлкен үлес қосып келе жатырсыздар. Өйткені қоғамның пікірін қалыптастыру, қоғамдағы барлық көкейкесті мәселелерді шешу, мемлекеттік іске асырып отырған барлық бастамаларын қоғамға жеткізіп, қоғамның саяси тұрақтылығының қалыптасуына үлкен үлес қосып жатырсыздар. Күн демей, түн демей қоғамдағы барлық тыныс-тіршілігін үзбей шынайы ақпарат жеткізіп келесіздер, – деді Аида Ғалымқызы.
- Мультимодал: Әзірге қымбат, бірақ басқа жол жоқ
- 30 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
- Елдегі тегін үйірмелер саны қысқарады
- Шымкент әкімдігі үшін қазақ тілі қымбат па, 30 млн теңге қымбат па?
- Ақбол Үдербаева: Режиссерлік – зергерлікпен айналысумен бірдей
- Аманжан Еңсебаев. Қазақ дикторлар мектебі. Ағалар жолы
- Владислав Тен: Қазақ тілін үйренгісі келмейтіндердің сылтауы көп
- Бәрінен де сен сұлу. Тәуелсіздіктің құрдасы
- Блогер YouTube-та қаралым жинаудың оңай жолдарын айтып берді
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Кеше, 12:35415
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды.
Салтанатты іс-шара барысында Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Ғалымқызы БАҚ қызметкелерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Құрметті әріптестер! Сіздерді келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Бұқаралық ақпарат құралдары біздің азаматтық қоғамның айнымас бөлшегі. Сіздер осы қоғамның дамуына үлкен үлес қосып келе жатырсыздар. Өйткені қоғамның пікірін қалыптастыру, қоғамдағы барлық көкейкесті мәселелерді шешу, мемлекеттік іске асырып отырған барлық бастамаларын қоғамға жеткізіп, қоғамның саяси тұрақтылығының қалыптасуына үлкен үлес қосып жатырсыздар. Күн демей, түн демей қоғамдағы барлық тыныс-тіршілігін үзбей шынайы ақпарат жеткізіп келесіздер, – деді Аида Ғалымқызы.
Аида Балаева Президент сыйлығы мен грантының иегерлерін марапаттарын табыстады.
Президенттің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:
Байтарова Сания Бақытқызына Жетісу телеарнасының редакторына өңірлік журналистика дамытуға үлес қосқаны үшін табысталды.
Байкебаев Диаскен Үсеғалиұлына – Алматы Телерадио компаниясының арнайы техника операторына еліміздің телевизиясын дамытуға үлес қосқасы үшін тапсырылды.
Бірімжанов Ануарбек Жәлелұлына «Хабар 24» телеарнасының жүргізушісіне Мемлекет басшының қызметін белсенді әрі жан-жақты түсіндіріп, жариялап, көрсеткені үшін табысталды.
Жулмухаметова Жадра Ерболқызына Baigenews.kz ақпарат агенттігінің тілшісін интернет кеңістігінде ақпарат тарату ісін үлес қосқаны үшін марапатталды.
Президенттің Бұқаралық құралдар арасындағы алғысы Адырна ұлттық порталының шығармашылық ұжымына Қазақстанның дамуының өзекті мәселелерін қамтыған ақпараттық-талдамалық қызметі үшін иеленді.
«Ашық алаң» қоғамдық-саяси ток-шоуының шығармашылық ұжымына – қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардың дамуын ақпараттық қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін табысталды.
Астана радиосының шығармашылық ұжымына – ұлттық радионы дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды,
«Вечерняя Астана» қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына – баспа басылымдарын дамытуға қосқан үлесі үшін иеленді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!