Проактивті қызметтер өтініш берусіз, адам өмірінде белгілі бір оқиғалар туындаған кезде ұсынылады.
Бүгінгі таңда проактивті форматта әлеуметтік жәрдемақыларды, зейнетақының кейбір түрлерін алу, баланың тууын тіркеу және баланы балабақшаға кезекке қою бойынша қызметтер ұсынылады.
Мысалы, егер отбасында сәби дүниеге келсе және анасының мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірі болса, оған құттықтау және жаңа туған нәрестені тіркеу қызметтерін алу туралы SMS-хабарлама келіп түседі, тіпті оны балабақшаға кезекке қоюға көмектеседі.
Аталмыш қызмет арқылы анасы жоғарыда аталған қызметтерді ала алады. Тек SMS-хабарлама арқылы рұқсат беру қажет.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!