Қызылорда қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғанға әлеуметтік көмек көрсетіліп, мүгедектік арба табысталды.

Пробация қызметі есептегі азаматтардың тек бақылауын жүргізіп қана қоймай, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге де ықпал етеді. Осы бағытта Қызылорда қалалық пробация қызметкерлері есепте тұрған, денсаулығына байланысты жүріп-тұруы қиын азаматтың жағдайына назар аударып, оған мүгедектік арбасын алып беруге көмектесті.

Аталған азамат денсаулығына байланысты еркін қозғала алмайтындықтан, күнделікті тұрмысында көптеген қиындықтарға тап болған. Пробация қызметкерлері жергілікті мекемелермен  бірлесіп, қажетті құралды алып беруді ұйымдастырды.

“Мен пробация қызметінің көмегімен мүгедектік арбаға қол жеткізгеніме қуанып отырмын. Осындай қамқорлықтың арқасында өзімді қоғамнан тыс қалғандай сезінбеймін. Көмек көрсеткен пробация қызметіне  алғысым шексіз», – деді есептегі азамат.

Мүгедектік арбасының табысталуы сотталған азаматтың қозғалу мүмкіндігін жеңілдетіп, оның қоғамға бейімделуіне оң әсерін тигізеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!