Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде  алынған Ж. есімді енді жазасының қалған бөлігін түзеу мекемесінде өтейтін болады. Ол сот үкімімен Ұрлық бабымыен  3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, 2025 жылдың қазан айында Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебіне алынған. Сотталған есепке алынғаннан кейін бар-жоғы екі ай уақыттың ішінде пробациялық бақылаудан жасырынып, сот үкімімен тағайындалған мәжбүрлі еңбекті орындаудан бас тартқан.

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық- атқару кодесінің талаптары бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамның пробациялық бақылаудан жасырынуы, мәжбүрлі еңбекті дәлелсіз себептермен бір айдың ішінде екі және одан да көп рет орындамауы – бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді қаскөйлікпен бұзушылықтар болып табылады.

Пробация қызметі тарапынан аталған сотталғанға қатысты Байқоңыр қалалық сотына бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным жолданды.

Сот қаулысымен сотталғанның  бас бостандығын шектеу жазасының 2 (екі) жыл 8 (сегіз) ай 11 (он бір) күн өтелмеген мерзімі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленген.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!