Алматы облысының прокуратурасы Алматы облысы, Қонаев қаласындағы балалар лагерін тексерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін блогер Сандуғаш Дүйсенова Алматы облысы, Қонаев қаласындағы «Бәйтерек» балалар лагерінде көпбалалы отбасы балалары жағдайы нашар тар бөлмелерге орналастырылғанын хабарлаған болатын.
Бас прокуратураның мәліметінше, Алматы облысында 22 балалар лагерінің 8-і өз қызметін уәкілетті органдардың рұқсатынсыз және санитарлық-эпидемиологиялық, өртке қарсы ережелерді бұза отырып жүргізген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!