Қызылорда облысы прокуратурасында 7 мамыр –Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.

Жиында Бас Прокурордың бұйрығымен қызметте жоғары жетістіктерге жеткені және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, прокуратура органдарының дамуына, прокурорлық қадағалауды жетілдіруге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Н.С.Дүйсенбаевқа және облыс прокурорының аға көмекшісі Ғ.Ниязбекұлына мерзімінен бұрын кезекті сыныптық шендері тапсырылды.

Үлгілі еңбектері үшін басқа да әріптестерге І, ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына – 30 жыл» медальдары және «Прокуратура үздігі» төсбелгісі мен Құрмет грамотасы тапсырылып, Алғыс жарияланды.

Сонымен қатар, бүгінгі осындай маңызды мерекелер қарсаңында қатарға жаңадан қосылған жас мамандар: Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Оңдасын Асылжан, Жалағаш аудандық прокуратурасының прокуроры Нұрғалиев Нұрдәулет, Байқоңыр қалалық прокуратурасының прокуроры Тілекбай Нұрболат, Қармақшы аудандық прокуратурасының прокуроры Абдулғазиз Сәкен және Табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры Қазбек Мағжан ант қабылдады.

Бұдан кейін прокуратура ұжымы Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандарды еске алып, қала орталығындағы Мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, тағзым етті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!