Фото: ашық дереккөзден

Кей аналар баласының зейінін өзіне аудару үшін үнемі келінін ренжітіп, одан қандай да бір кемшілік іздеп отырады. Психолог Денис Долговтың айтуынша, оған кінәлі – қарапайым қызғаныш. Маманның айтуынша, бұл сезіммен күресуге болады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Doctorpiter»-ге сілтеме жасап.

Ене мен келіннің өзара қарым-қатынасы бастапқы кезде жақсы болып, бірнеше айдан немесе жылдан соң бірден себепсіз өзгеріп кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда кездесулер жиі ұрыспен аяқталады және отбасы бірге сирек жиналатын болады.

Бірақ ене мен келін қарым-қатынасы таныстықтың бірінші күнінен бастап нашар болуы мүмкін: анаға ұлының таңдауы ұнамайды. Алайда ол қыздың несі ұнамайтынын түсіндіре алмайды. Шындығында оның жауабы қарапайым: оның оған көңілі толмауына қызғаныш кінәлі.

«Ересек баласын әйелінен қызғану трлі себептермен байланысты болуы мүмкін: ұлымен жақындығын жоғалтып алудан қорқады, ұлына әсер ете алмаудан қорқады, оның назарына таласады, оның таңдауына сенімсіз, үйреншікті күн тәртібінің өзгеруіне бейімделе алмайды және т.б», – деп түсіндірді психолог Денис Долгов.

Маман бұл сезіммен күресуге болатынын айтты. Ол сізге көмектесуі керек бірнеше кеңес берді:

  • Өз сезіміңізді мойындаңыз. Қызғанатыныңызды ұғынуыңыз керек. Сол кезде онымен күресу де оңай болады;
  • Бұл проблеманы жақын адамыңызбен талқылаңыз. Қызғаныш жайлы сөйлесу керек. Ол жайлы айту өте қиын. Бірақ өз проблемаңызды бөлісу маңызды;
  • Ұлыңызды бақылауды қойыңыз. Балаңыздың баяғыда өскенін, қазір ол еркек екенін түсінуіңіз керек. Оның жеке өміріне және жеке таңдауына құқығы бар;
  • Жеке шекара қойыңыз. Егер олар көмек сұрамаса, ұлыңыздың және оның серігінің отбасылық өміріне араласпаңыз;
  • Өз өміріңізге мән беріңіз. Сізге ләззат сыйлайтын жаңа хобби табуға тырысыңыз. Бұл жағымсыз ойлардан алаңдауға және жағдайды жіберуге көмектеседі;
  • Ұлыңызбен сөйлесіңіз. Ересек балаңызбен үнемі байланыста болыңыз, бірақ оның жеке өміріне араласпаңыз. Талқылауға болатын басқа қызықты тақырыптар көп екенін ұмытпаңыз;
  • Оның таңдауын қабылдаңыз. Сізге келініңіз ұнамауы мүмкін, бірақ онымен сіз тұрмайсыз. Ересек балаңыздың шешімін құрметтеу маңызды, бұл болашақта отбасылық қарым-қатынасты қатайтуға ықпал етеді;
  • Алғыс айтыңыз. Жағдайға басқа қырынан қарауға тырысыңыз. Балаңызда оны жақсы көретін және оған қамқор болатын өз адамы бар. Неліктен осы үшін алғыс айтпасқа?
  • Ұлыңыз – басқа әйелмен оның назарына таласатын ер адам емес, сіздің өсіп кеткен балаңыз екенін ұмытпаңыз.

Сіздің өміріңіз бен балаңыздың өмірі – екі түрлі жол. Әркімге өз жолымен жүру қызықты болатындай етіңіз және басқаны таңдауы үшін кінәраттамауға тырысыңыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!