Фото: Facebook Veritas human rights movement
27 қарашада Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға келуіне қарсылық білдірген көкшетаулық белсенділер Марат Жанұзақов, Бауыржан Балташев және Уәлихан Негметов әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Белсенділерге «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша айып тағылып отыр.
«Біз жай ғана өз үйіміздің жанында Қазақстан мен Украинаның туын ұстап тұрдық. Кешке полиция бізді шақырып, ештеңе айтпастан сағат 21.00-ден таңғы 3-ке дейін бөлімшеде ұстады. Біз «ұсақ бұзақылық» туралы хаттама толтырдық. Бүгін сот болады», – дейді Жанұзақов.
27 қарашада желіде жарияланған фотосуреттен Балташев пен Негметовдің көшеде Қазақстан мен Украина жалауын ұстап тұрғанын көруге болады. Сондай-ақ олар қолына: “Жоғары мәртебелі, Қазақстаннан тайып тұр!» деген жазуы бар бір жапырақ қағаз ұстап тұр.
Полиция белсенділерді әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігінде (Ұсақ бұзақылық) көзделген құқық бұзушылық үшін айыптап, орыстың “хрен” сөзін «әдепсіз мәлімдемеге» жатқызған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!