Тәуелсіздік жолында күрескен қаһарман жерлесіміз Батыржан Шалғынбаевтың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында Қызылорда облыстық архивімен бірлесе отырып «Ауғанның отты жылдары» атты еске алу кеші ұйымдастырылды.
Шараға Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві басшысы орынбасары Алтынбаева Жанат Олжабайқызы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы, полковник Досаев Ермек Тұрғанбайұлы, «Застава Тарландары» РҚБ Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Худояров Асан Беркінбекұлы, Батыржан Шалғынбаевтың ағасы Шалғынбаев Мырзабай Шалманұлы, Ауған соғысының ардагері Сәулебеков Алмабек Дүйсебекұлы және Омаров Сәдірбек Дәуренбекұлы қатысып, жастарды білімділікке, Отансүйгіштікке, туған жерге қызмет етуге шақырып, тағылымды ойларымен бөлісті. Сондай-ақ шара барысында мектебіміздің өнерпаз оқушылары ән-күймен әрлеп, Б.Шалғынбаевтың өмірінің соңғы сәттерінен үзінді көрсетті. Батырдың елге жазған хатының сөзіне негізделген “Соңғы хат” әнін салтанатты түрде хормен орындап шықты. Сыр елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерге құрмет көрсетілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!