Кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты, деп хабарлайды Kazinform.

«Бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазамен ауыстырылған Қ.Боранбаев осы жылдың 6 қарашасында бас бостандығынан айыру орнынан босатылып, тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеу орнына өз бетінше барады», – деп хабарлады ҚАЖК.

Ведомстводан атап өткендей, мекеме әкімшілігі сотталушыға тіркеу үшін пробация қызметіне келу бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазасын өтеу орнына кетуге ұйғарым береді. Сондай-ақ оны сипаттайтын материалдарды пробация қызметіне жібереді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!