Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдыұлыны қамау мерзімі тағы ұзартылды. Бұл туралы елордалық соттың баспасөз қызметі айтты.

«2022 жылдың 8 маусымында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Боранбаев Қайратқа қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты». Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты

Сондай-ақ, сот Қайрат Сатыбалдыұлының қамауға алу мерзімін ұзарту туралы айтты.

«2022 жылғы 8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Сатыбалдыұлы Қайратқа қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты». Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты

Сонымен қатар, Гүлмира Сатыбалды тағы бір ай қамауда отыр.

«2022 жылғы 7 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Сатыбалда Гүлмираға қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты».

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!