Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі 21 желтоқсанға дейін ұзартылды.
«2022 жылғы 17 қарашада сот шешімімен тергеу органдарының К.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 8 айға, яғни 2022 жылдың 21 желтоқсанына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», – делінген сот хабарламасында.
Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген 22 сәуірде қаңтар оқиғасына қатысты ұсталды.
Құдайберген тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінген. Алдын ала тергеу барысында экс-депутат Арман Жұмагелдиевпен «Қазақстан» қонақүйінде халықты жинап, Жұмагелдиевтің төңірегіне бірігуге, оны қолдауға және билікке ортақ талаптарды алға тартуға шақырғаны анықталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!