Атышулы «Қалаулым» бағдарламасының қатысушысы, блогер Ырысбала Икрамбай оқырмандарының көмегімен бар-жоғы 17 сағатта көпбалалы анаға үй әперіп, көптің ыстық ықыласына бөленді. Тоғыз миллион теңгеге төрт бөлмелі үй әперген блогер енді үйді керек-жарақпен қамтамасыз етпек.
Рысбала Икрамбай қуанышты жаңалығымен блогер өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Онда ол жарынан айырылған, төрт баласы бар әйелге үй әпергенін жазған. «Шыдай алмай жақсы жаңалықты бөлістім. Үйдің бастапқы ақшасын беріп, Ардақтың үйіне келдім. Көршілері менің стористерімді көріп құттықтап келіпті, Ардақтың өзі білмейді екен. Сенер- сенбесін білмейді. Алтындарым қара басым қара жерге кіргенше алғысымды білдіремін, Алла мерейлеріңізді өсірсін. 17 сағатта жарынан айырылған Ардақты, әкесінен айырылған төрт балапанды баспаналы қылдыңыздар! 9.000.000 теңгеге 4 бөлмелі еңсесі биік үй алдық. Енді үйге жөндеу жұмыстары, керекті жиһаздары, техникаларын аламыз, себебі барлығы тіпті киімдеріне дейін өртеніп кеткен, 7 жастағы тілі шықпаған баланы емдетеміз. Рекорд. 17 сағатта қазақ еліне +1 баспана! Барлығына жіберіңіздер! Жақсыны көрмекке! Менің оқырмандарым, жанашырларым ең мықты. Дүние тұрғанша тұрыңыздар!»,-деп жазды ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!