Америкалық қалыңдық үйлену тойынан бір күн өткен соң ажырасып кетті. Айырылысуына күйеуінің той кезінде бетіне торт жағып жіберуі себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қалыңдық оқиға туралы American Slate журналының “Қымбатты пруденс” айдарында “Ақпан айына дейін мүмкіндік беріңіз“ деген бүркеншік атпен жазған. Ол Рождествоның алдында үйленгенін және күйеуінің кесірінен қаңтар айының соңына дейін ажырасатынын айтты. 

Оның айтуынша, достары күйеуіне екінші мүмкіндік беруін сұраған. Алайда қалыңдық бір қателік жіберген адамды екінші рет кешіруге болмайды дейді. Сондай-ақ ол журналдағы жазбасында күйеуімен қалай жолыққанын және той рәсімінің қалай өткенін ашық жазған. 

“Мен отбасын құруға ешқашан мән бермегенмін. 2020 жылы жігітім үйленуге ұсыныс жасаған соң келіскенмін. Үйлену тойын ұйымдастыруды өз мойнымызға алдық. Алайда той кезінде ол менің жалғыз қатаң ережемді бұзды. Рәсім кезінде басымнан ұстап тұрып, бетіме торт жақты” – деді қалыңдық. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!