Мәдина Сәдуақасова қыз ұзату тойына ұлттық нақыштағы көйлек киіп, елді өзіне қаратты. Көпшілік әншінің қалыңдықтан сұлу болып кеткенін айтуда.

Той науқаны басталғалы әншіні тойға, оның ішінде қыз ұзатуға шақыратындар көбейген. Осы ретте Сәдуақасова отандық дизайнерге арнайы ұлттық киім тіктіріп киді.  

«Мен үшін осы жылдың тренді – ұзату той. Графигімның 50% ұзатушки. Ұнайды өзіме қатты. Әдемі ғой қыз ұзату той», – деп жазба қалдырды ол.

Алайда желі қолданушылары қалыңдықтан асып түскен әншіні сынға алды.

«Сіз ұзатылатын қыздан сұлу болмау керексіз», – деді оқырмандардың бірі.

«Әрқашанда ең сұлу әрі ең басты адам ол – қалыңдық. Сондай-ақ, барлығының әдемі болғанын қалайтын сұлулар да бар», – деді Сәдуақасова. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!