Фото: Егемен Қазақстан

Синоптиктердің пайымдауынша, алдағы үш күнде – 9, 10, 11 наурызда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік және оңтүстік циклондарға байланысты қар аралас жаңбыр, жауын-шашын, көктайғақ күтіледі, жел күшейіп, боран болуы ықтимал.

Сенбіде Қазақстанның басым бөлігінде қатты жаңбыр жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында әрі Орталық Қазақстанда қар мен жаңбыр  болуы мүмкін.

10 наурызда еліміздің шығысында қатты жаңбыр жауады деген болжам бар. Сондай-ақ синоптиктер еліміздің температуралық фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейтінін айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!