Желіде балабақша балалары мен тәрбиешілерінің қар үстінде жалаң аяқ жүрген видеосы тарады. Желі қолданушылары мұндай жаңашылдыққа таң қалып, қарсылығын да білдіруде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бейнежазбаны таратушыларының мәліметінше, видео Атыраудағы “Балдәурен” балабақшасында түсірілген. Балаларды суыққа төзімді болсын деген мақсатта қардың үстімен жүгірткен.
Кадрларда балалар тәрбиешімен бірге сырт киімсіз және жалаң аяқ балабақшадан шығып, қардың үстімен жүгіруде.
“Бұл әрекетке балалар тек ата-аналар мен балалардың келісімімен барады. Егер бала жүгіргісі келмесе, оны ешкім мәжбүрлемейді”, – деген әкімшілік Atyrau.bugin парақшасының мәліметінше.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!