Ертеде бір Жарық әлем болыпты. Ол әлемде адамдардың арманы жұлдыз болып жанып тұрды екен. Кімнің арманы таза болса, жұлдызы да жарық көрінеді. Сол елде Арман атты жас жігіт өмір сүріпті. Оның жұлдызы өзгелерден де жарық екен. Бір күні елге Қара тұман келіпті. Ол адамдарға тәтті сыбырмен:
– Мен сені шаршаудан құтқарамын, арманыңды тез жеткізем,-деп уәде беріпті. Көп адам сол тұманға еріп, жұлдыздарынан айрылыпты.
Арман да бір сәтке сол тұманға жақындапты. Сол кезде оның жұлдызы солғын тарта бастапты. Бірақ кенеттен Ақиқат құсы ұшып келіп:
– Бұл тұман-үмітті жұтатын қақпан,-деп ескертеді.
Арман жүрегін тыңдап, бір қадам артқа шегінеді.Қара тұман ашуланып, жоғалып кетеді. Арманның жұлдызы қайтадан жарқырайды. Жарық әлемге күн қайта туады.
Содан бері елде бір заң бар екен: кім жүрегін қорғаса, арманы да сақталады. Ал Қара тұманға ергендер өз жарығынан айырылатынын бәрі біліпті. Ғибрат: Есірткі-Қара тұман секілді: жақындасаң, жарығыңды өшіреді.
Айтбай Ақжан, М.Шоқай атындағы №187 ақпараттық технологиялық мектеп-лицейінің 10 Ә сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!