Қарағанды облысында 15 жасар қыз сыныптастарымен демалуға барып, суға батып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қайғылы оқиға 3 маусым Нұра ауданында болды. Қыз құрдастарымен бірге көкке шықты. Балалар Нұра өзенінің жағасында демалған.

«ТЖД кезекшісінің пультіне 15 жасар оқушы Егінді ауылынан үш шақырым жерде  суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 13: 25-те оқиға орнына бір жүзу құралы мен бір техникасы бар үш құтқарушы шықты. Бөлімшеден орынға дейінгі қашықтық шамамен 240 километр», – деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Естеріңізге салсақ, Ақтөбеде ойнап жүрген бала суға батып кеткен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!