Фото: Видеодан кадр: t.me/qumash_kz
Желіде ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан видеосы тарап кетті. Оқыс оқиға Қарағанды қаласында орын алған. Өңірлік полиция департаменті аталған жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жарияланған видеодан ер адамның жедел жәрдем жүргізушісіне дауыс көтеріп сөйлеп жатқанын көруге болады. Қала тұрғыны жүргізушіге көлікті дұрыс қоймағаны үшін шүйліккен. Ашуға булыққан ер адам жедел жәрдем қызметкеріне соққы жаудырған.
Қарағанды облысы полиция департаменті жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақаттарын келтірген азамат анықталғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Бұзақылық әрекетпен адам денесіне қасақана дене жарақатын келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды», – делінген ресми хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!