Қарағандыда жалғызбасты зейнеткердің иті чип салынған күні өліп қалды. Бұдан соң жануарынан айырылған жалғызбасты кейуана жағдайы нашарлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Зейнеткер итін тіркеуге алғысы келген. Кейін ветеринариялық клиникада оған чип берілген. Сол күні кешке белгісіз жағдайда үй жануар өлді.

Күйзеліске түскен, жүрегі нашар кейуанаға бұл жағдайдан соң жедел жәрдем шақырылған. Сондықтан иттің иесінен толық түсініктеме алу әлі мүмкін емес.

Бірақ ол иттің аутопсиясына қол жеткізіп, жануардың өлімі мен чипті имплантациялау арасында байланыс бар-жоғын анықтауға ниетті.  

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!