Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада газ жарылысынан қаза тапқан бесінші жұмысшының денесі табылды.
Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.
Сондай-ақ, министрлік ТЖМ Қарағанды облысындағы шахтадағы оқиғаға байланысты төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің апат орнына кеткенін хабарлады. Ол шахтадағы төтенше жағдайды тергеу жөніндегі комиссияны басқарады.
Айта кетсек, бұдан бұрын Қарағанды облыстық полиция департаменті Ленин атындағы шахтада болған ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабы 3-бөлігі («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!