Дауыс беру уақыты басталысымен таңдауын жасауға асыққан жұрттың қарасы көп. Солардың қатарында Арал ауданына қарасты Қосжар ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарасай Тәжімбетов те бар.
«Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар мен кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау ауыл тұрғындары үшін таңдаудың ең тиімді жолы екені күмәнсіз. Алғаш рет өтіп отырған бұл Сайлау сол сондықтан өте маңызды болды. Барлық ауыл тұрғынының күтетін өзгерісі, жаңалығы көп. Келер күннен тек жақсылық тілейміз. Жалпы әр ардагер елдің, жердің, жастардың тілеуін тілеп жүреді. Тәуелсіздігіне қол жеткізгеніне 30 жыл биыл толған елдің болашағы баянды болу үшін мен таңдауымды жасадым. Барша тұрғындарды дауыс беруге қатысып, әділ таңдауын жасауға шақырамын», – дейді ардагер.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!