Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғары мектебінің 4 курс студентімін. Дәл осы университетке және факультетке түскеніме еш өкінбеймін. Себебі факультетімізде әр жақтан жиналған дарынды, мықты оқушылар жиналған. Бұл ең алдымен бәсекеге қабілетті болуыңа септігін тигізеді. Қазақ Ұлттық университеті – «ҚазҰУ» қалашығы деп аталатын Қазақстандағы үлкен территориясы бар білім ордасы.
Бұл оқу орны шығармашыл, білімді, жан-жақты мамандарды дайындаушы және болашақта орасан зор мүмкіндіктер ашатын көрнекті оқу ордасына айналған. Университет жаңа оқу әдістемелерімен, кітапханасы жаңа технологиялармен жабдықталған. Жатақханалары да заманауи, студенттерге қолайлы. Университет қалашығына кіргеннен бастап интернет желілерімен қамтамасыз етілген.
Оқуға келгелі көптеген жақсы достар, білгендерін аямай барынша үйрететін ақылшы ұстаздар таптым. Сабақ беретін барлық ұстаздарымызда мықты, өте білімді, өз істерін меңгерген нағыз мамандар иесі. Болашақ білім алушылар ғылым жолына бағыттау мақсатында ҚазҰУ оқу орнына түсіп оқуы, оның ғылым жолында дамуынан жақсы мүмкіндік береді. Себебі ғылым жолында даму үшін жоғары дәрежелі профессорлар мен білікті оқытушылардың маңызы зор, бағыт беруші мамандар керек. Осы қарашаңырақта кезінде білім алған түлектер қазір Қазақстанның беделді азаматтарына айналып отыр. Сол сияқты біз де университтеттің тәжірибелі түлегі атанғымыз келеді.
Нұрай Нұрматқызы,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Логистика мамандығының 4 курс студенті,
Жетекшілері: Шынар Абдикул, Лаура Ибраева
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!