Онлайн форматта өткен баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы Д.Кентбаев және «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі Е.Әбләкиев қатысты.
Өз сөзінде сот төрағасы Д.Кентбаев 2020 жылдың 12 айында аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыс қорытындысын сөз етті.
Қармақшы аудандық сотының өндірісінде 2020 жылдың 12 айында барлығы 70 адамға қатысты 56 қылмыстық іс қаралып аяқталғанын, 41 қылмыстық іс бойынша 54 адамға үкім шығарылғанын, 10 қылмыстық іс бойынша 11 адамға қатысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылғанын, 6 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталғанын атап өтті.
Есепті мерзімде аудандық сотта 447 азаматтық іс қаралып аяқталған. Оның ішінде 79 арыз бойынша сот бұйрығы, 227 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған, 68 азаматтық іс бойынша іс жүргізу медиация тәртібімен тоқтатылған, 106 азаматтық іс бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешім қабылданған, 14 іс соттылығы бойынша жолданған.
Аудандық сотта 2020 жылдың 12 айында 380 құқық бұзушыға қатысты 380 әкімшілік іс түсіп, 373 тұлғаға қатысты 373 әкімшілік іс қаралып аяқталған.
Сонымен қатар «Сот кабинеті» сервисі арқылы 476 талап арыз, 378 әкімшілік іс түскен.
Есепті мерзімде істер аудио-бейне жазба, TrueConf, Zoom, Whatsapp жүйелері арқылы қаралған.
Шара соңында сот төрағасы БАҚ өкілдерінің тарапынан сот әділдігін жүзеге асыру бойынша туындаған өзге де сұрақтарға жауап беріп, бұл шараның сот ісін жүргізуді әрі қарай жетілдіру, ашықтығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ, азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру бағытында жүргізілетінін атап өтті.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!