Астана қаласы Полиция департменті хабарлағандай, Достық көшесіндегі Kaspi Bank ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған туралы хабарлама келіп түсті. Алдын-ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы. Оқиға орнында полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сабыр сақтауды сұрайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!