Бұл банк секторының жалпы несие портфелінің 3,05 пайызын құрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Алайда проблемалық несиелердің деңгейі әр банкте әртүрлі.

Мерзімі өткен несиелер үлесі ең жоғары банктер:

  • «ВТБ Банк» (Қазақстан) – 10,9%
  • «Нұрбанк» – 8,33%

Сондай-ақ жұмыс істемейтін несиелер (NPL) деңгейі жоғары қаржы ұйымдары:

  • First Heartland Jusan Bank – 8,0%
  • Bereke Bank – 6,8%
  • «Еуразиялық банк» – 6,6%
  • Kaspi Bank – 5,0%
  • ForteBank – 2,9%

Бұл бес банктің проблемалық несиелері 627 млрд теңгеге жетіп, жалпы банк секторының NPL көлемінің 58,3 пайызын алып отыр. 

Жалпы, 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қазақстандық банктердегі 90 күннен астам уақыт төленбеген несиелердің үлесі 3,3 пайызды немесе 1,1 трлн теңгені құрады –  өткен аймен салыстырғанда көрсеткіш аздап өскен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!