Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сотталғандардан алынатын өтемақыны балалар үйіне аудармақ. Бұл туралы сотта жәбірленушілердің адвокаты болған Мейірман Шекеев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол Нұрымовтың қандай да бір қаржылай өтемақыға қызықпағанын атап өтті.

«Қаржаубай олардан бір тиын да сұрағысы келмеді. Біз азаматтық талап арыз берудің маңызын түсіндірдік. Шартты мерзім болмас үшін моралдық ақыны өтеу талабын қою керек екенін айтқанда ғана келісті. Оның өзінде  ақша түссе, оны балалар үйіне аударатынын мәлімдеді»,—деді заңгер.

Сондай-ақ Шекеев Шерзат Полаттың отбасы әлеуметтік желіде ешқандай ақша жинамағанын да хабарлады.

Еске салайық, 5 маусымда Шерзат Полаттың ісі бойынша үкім шыққан болатын. Басты айыпталушы Абзал Шынасыл – 23 жылға, Равиль Сакиев 20 жылға түрме жазасына кесілді. Басқа айыпталушыларға 1,5 жылдан 15 жылға сотталды. Сот жәбірленушілердің моральдық және материалдық өтемақы өндіріп беру туралы өтінішін ішінара қанағаттандырды. Үкім бойынша Шынасыл Абзалдан жәбірленушілерге – 60 млн теңге, Сакиевтен 30 млн теңге өндіріледі. Бұған қоса, ортақ тәртіппен Дидар Ысқақоан басқа сотталушылардан 30 млн теңге өндіріледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!