Фото: Sputnik / Абзал Калиев
Қаржы пирамидалары қанша айтылып жатса да, әлі күнге дейін қомақты қаражатынан айырылып қалатындар көп. Мәселен, жыл басынан бері ҚМА 20 млрд теңгеден аса шығынмен қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 68 қылмыстық істі тергеді. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлім етті.
Бүгінгі таңда 13 млрд теңгеден астам қаражат өтелді. Бұл туралы ҚМА мен Жоғары білім және ғылым министрлігімен бірлесіп еліміздің 100-ден астам жоғары оқу орындары үшін ұйымдастырылған құқықтық мәдениет және қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі вебинар барысында белгілі болды.
Жыл басынан бері интернет кеңістігінде 47 қаржы пирамидасы анықталды. Оларға қатысты әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат жабылып, шамамен 2 миллионға жуық қатысушы – әлеуетті салымшылар болған.
Биыл әлеуметтік желілерді талдау нәтижесінде қаржы пирамидасы белгілері бар сайттарға 11,7 мыңнан астам сілтеме бұғатталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!