Қызылордалық оқушылар “Заң мен Тәртіп” нарративі аясында әзірленген “Qarzhy saqshysy” ойыны арқылы қаржылық сауаттылығын арттырды. Ерекшелігі сол, интерактивті түрде өтетін ойында қатысушылар виртуалды ортада қаржылық шешімдер қабылдайды, түрлі алаяқтық схемалардан сақтануды, жеке деректерді қорғау мен онлайн қауіпсіздік ережелерін меңгереді. Аталған ойынға М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицей оқушылары белсенді ат салысты.

Мектеп оқушысы Қызжібек Айдарова ойын жайлы:
«Қаржы сақшысы» ойыны маған өте қатты ұнады. Біріншіден өзінің интерфейсімінен. Екіншіден ойындағы түрлі локациялар мен жерлер, оқу алаңы өте қызықты, және көшеден кетіп бара жатсаңда көшеде сақ болу керектігін үйретті» – деп пікірін білдірді.

“Qarzhy saqshysy” – Қаржылық мониторинг агенттігі Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен дайындаған, 10-11 сынып оқушыларына арналған интерактивті ойын. Қазір еліміздің түкпір-түкпірінен жасөспірімдер қызықты әрі пайдалы ойынды ойнау арқылы алаяқтардан қорғану жолын үйренуде.

Жоба 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Бүгінге дейін Қызылорда облысынан 26 мыңнан астам жеткіншек сертификатын алып үлгерді. Алдағы уақытта ойын қорытындысымен жоғары балл жинаған оқушылар марапатталатын болады.

Qarzhy saqshysy: оқушылар қаржылық сауаттылығын арттырды

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!