Осы жылдың 16 наурызында Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті қаржы-лық есептілік аудиті бөлімінің бас маман мемлекеттік аудиторы Ақтоты Маханбетжанова «Қызылорда облысы-ның мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қаржылық есеп тілік аудитінің мақсаты» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында қаржылық есептілік аудитінің мәні мен маңызы, оның негізгі мақсаттары мен міндеттері жан-жақты талқыланды.
Атап айтқанда, қаржылық есептілік (шоғырландырыл-ған қаржылық есептілік) аудитінің мақсаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің анықтығын негізделген растауды алу болып табылатындығы түсіндірілді.
Сонымен қатар, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің компоненттері – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің жеке қаржылық есептілігі, сондай-ақ оның ведомстволарының шоғырландырылған қаржылық есептілігі болып табылатындығы айтылды.
Қаржылық есептілік аудиті Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы», «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы №223 бұйрығының талаптарына және ұсынылған құжаттарға сәйкес жүргізілетіндігі атап өтілді.
Семинарға қатысушылар белсенді түрде пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауаптар алды. Бұл іс-шара тыңдаушылардың кәсіби білітілігін арттыруға және аудит саласындағы теориялық әрі практикалық білімдерін тереңдетуге ықпал етті.
А.ЖАҢБЫРБАЙҚЫЗЫ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
