Сурет: Massaget.kz

Қазнетте «қасқыр талап кеткен» ер адамның суреті тарады. Желідегі ақпарат бойынша, оқиға Талдықорғанда болған. Алайда бұл оқиға Талдықорғанда емес, тіпті Қазақстанда тіркелмеген. Оқиға Ресейде болған, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Қайғылы оқиға 14 қаңтарда Кубаньда болған. Калинин ауданындағы Журавлевка мен Джумайловка фермалары арасында ер адам өлі табылған. Ресейлік БАҚ-тардың мәліметінше, жабайы құстар мен қаңғыбас иттер ер адамның денесінің бір бөлігін кеміріп үлгерген.  

Өлі табылған азамат – 47 жастағы тұрғын болып шыққан. Ол 7 қаңтарда жоғалып кеткен. 14 қаңтарға дейін ер адамды ешкім іздемеген. Тұрғын кездейсоқ табылған. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!