Қазіргі қоғамда қауіпсіз қала құру – ең өзекті мәселелердің бірі. Қауіпсіз қаланың басты белгілерінің бірі – тәртіп пен заңның сақталуы. Көшедегі тәртіп, адамдардың бір-біріне деген сыйластығы, заңға бағынуы тікелей адам тәрбиесіне байланысты.

Ал тәрбиенің ең алғашқы әрі ең маңызды ордасы – отбасы. Сондықтан қауіпсіз қала қалыптастыру үшін отбасындағы тәрбие мықты болуы қажет. Отбасында баланың бойында адамгершіліктің асыл қасиеттері қалыптасса, ондай бала ертең қоғамда да тәртіпті, жауапты азамат болып өседі. Қала тыныштығын қамтамасыз етуде полиция қызметкерлерінің еңбегі зор болғанымен, қауіпсіз қала – тек полиция мен заңның ғана жұмысы емес, бұл – әр отбасының, әр азаматтың жауапкершілігі.

Әр ата-ана өз баласының тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса, қоғамда тәртіп те, тыныштық та орнайды. Сол себепті қауіпсіз қаланы қалыптастырудың ең сенімді жолы – отбасы тәрбиесін күшейту.

Қорытындылай келе, қауіпсіз қала – адамдардың жауапкершілігі мен мәдениеті арқылы қалыптасатын орта. Әрқайсымыз өз үлесімізді қоссақ, қаламыз одан әрі жайлы әрі қауіпсіз болары сөзсіз.

Сезім Бақтығали,
Ж.Нұрманов атындағы
№198 орта мектеп
8 «Д» сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!