Облыс көлемінде 19 шілде – 18 тамыз аралығында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» айлығы іс-шарасының алғашқы 4 күнінде 1061 құқық бұзушылық анықталды.

Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысудың – 4, медициналық қарап-тексеруден өтпеудің –2, заңсыз қайта жабдықтаудың – 37 дерегі тіркелген. Сондай-ақ 105 жүргізуші міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген, 51 жүргізуші ұялы телефонмен сөйлесіп, 10 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарған. 230 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпай, 25 жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермеген. Құжатсыз автокөлік басқару – 75, жаяу жүргіншілер жолағынан өтпеу – 66, маневр жасау ережесін бұзу – 36 дерегі анықталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!