2021 – 2022 ж.ж. жылу беру маусымында облыс көлеміндегі тұрғын секторларда 78 өрт оқиғасы тіркелген. Өрт оқиғасынан 2 адам қаза болды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық Төтенше Жағдайлар департаменті бастығы Руслан Қайрақбаев мәлімдеді.
Көмірқышқыл газынан улану көптеген жағдайларда тұрғындардың өрт қауіпсіздік шараларына салғырт қарауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, балаларды қараусыз қалдыруынан пайда болып жатады.
2019 жылдан бастап тұрмысы төмен, көпбалалы, жалғысбасты ана және мүгедек жандары бар 3 750 отбасына көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатылса, 3 941 отбасына көмірқышқыл газын анықтайтын датчик сатып алу бойынша жергілікті атқарушы органға ұсыныс жолданған. Қызылорда облысы жұмылдыру дайындығы басқармасынан 4000 дана көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер алу жоспарлануда. Наурыз және Махаммбет тұрғын ауданында тұратын тұрмысы төмен мүгедек жандардың тұрғын үйлерінің мұржаларын тазарту жұмыстары жүргізілді.
Облысымызда қысқы мезгілдегі ықтимал төтенше жағдайлардың бірі – су тасқыны екендігі белгілі. Осыған байланысты, жыл сайын сала мамандарынан құралған жұмысшы топпен қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде анықталған қауіпті учаскелерді қалпына келтіру шарлары жасалды. Жыл басынан 3,6 шақырым болатын 5 учаскеде қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру, нығайту жұмыстары жүргізілді деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Алиев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!