Жанкент, Жалаңтөс батыр және Ғ.Мұратбаев ауылдық округтеріндегі учаскелік сайлау комиссиялары таңғы сағат 7:00-ден бастап жұмыс істеуде.

Ауыл әкімін сайлайтын саяси науқанда тұрғындар белсенділік танытуда. Мәселен Жанкент ауылындағы N89 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып Қалхаман Күлпаршын мен Сағитжан Аман келді. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Аманбай Орақбай ауыл әкімін сайлауға бей-жай қарамаған тұрғындарға арнайы сыйлық табыс етті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!