Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының басшысы қызметіне Мұхтар Оразбаев тағайындалды.

Оразбаев Мұхтар Әуесұлы -1971 жылы Арал қаласында туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Аралбалық» акционерлік қоғамы автопаркінің механигі ретінде бастаған. 2000-2016 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2016 жылғы қараша айынан бастап 2021 жылдың мамыр айына дейні Арал ауданының әкімі қызметін атқарды.

2021 жылдың мамыр айынан қәзіргі кезге дейін Қазалы ауданы әкімі қызметін атқарып келді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!