Қазалы ауданына қарасты Бекарыстан би ауылындағы ауыз су сервистік желіге қосылды.
Бұл мәселе Елбасының бастамасымен қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында жүзеге асты. Нәтижесінде елді мекендегі 3 әлеуметтік нысан мен 454 тұрғын үйге ауыз су тартылды. Осылайша бұған дейін біршама қиыншылықтарды көрген тұрғындар ауыз суды үйдің ішінен алып, біршама машақаттан құтылды.
Айта кетейік, жылдың басында Қазалы ауданында ауыз су сервистік желіге қосылмаған 3 елді мекен болатын. Бүгінгі күні олардың саны екеуге қысқарып отыр.
Қазіргі таңда Жанқожа батыр мен Майдакөл ауылдарындағы ауыз суды сервистік желіге қосу жұмыстары басталып кетті. Құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!