2020 жылдың аяғында басталған құрылыс бүгін бітіп, іске қосылды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауданға сапары барысында қазалылықтардың қуанышымен бөлісті.

Қазалы қаласы «көгілдір отынға» қосылды

Айта кетейік, облыстағы барлық аудан орталықтары мен Байқоңыр қаласы «көгілдір отынға» қосылған. Сондай-ақ Сексеуіл, Төретам мен Ақай елді мекенін газдандыру кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады.

Қазалы қаласы «көгілдір отынға» қосылды

Биыл құны 3,2 млрд теңгеге газдандыру жобасы жүруде. Қызылорда қаласына жақын «Наурыз», «Ж.Махамбетов», Шиелі ауданындағы «Алғабас», «Ақмая» ауылына газ тарту жұмыстары жүруде. Бұдан бөлек, биыл Қазалыдағы Жалаңтөс батыр, Қашақбай Пірімов және Басықара елді мекені де «көгілдір отынға» қосылмақ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!