Әлеуметтік желіде кеше Алматыда өткен түрік актеры Бурак Озчивиттің жанкүйерлерімен фан-кездесуінен кадрлар тарап жатыр. Видеода қазақстандықтардың суретке түсу үшін сахнаға жүгіріп, әртісті қоршап алғанын көруге болады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода фильм сүйер қауымның өрескел әрекеті көрінеді. Жазба авторының айтуынша, адамдардың кесірінен олардың қымбат жабдықтары сынып қалуы мүмкін еді.
«Ұят! Бүгін мен испандық ұятты сезіндім.. Адамдар өздерінің барлық мәдениеті мен жабайы табиғатын көрсетті. Әншілерге де, актерге де құрмет жоқ. Сөз жоқ. Қазақ десең, өзіңе тиеді! Жабайы адамдар! Ұят! Концерт аяқталғаннан кейін, перденің жабылғанына қарамастан, адамдар қымбат жабдықтардың бар екенін ескермей, сахнаға қарай жүгіре бастады», – деп жазған жазба авторы.
Жазба астында Желі қолданушылары қазақстандық жанкүйерлердің іс-әрекетіне наразылық білдірді.
«Мен Астандағы көрмеден кейін ешнәрсеге таңғалмаймын», «Осыдан кейін Борат фильмі үшін ренжиді», «Үйiне алып кетпегеніне шүкір», «Намыс бітіпті ғой бізде. Ұят, өлді», «Дым көрмеген адамдар», «Қазақстанға енді келмеспін деген шығар», «Түк көрмегендік», «Бурак таңғалған шығар», «Не болды соншама», – деп жазған желі қолданушылары.
Айта кетейік, кеше Бурак Озчивит Шымбұлаққа барып, әлеуметтік желідегі парақшасына бүркітпен түскен және қазақтармен бірге жүрген бірнеше фотосын жүктеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!