Ағымдағы жылдың 9 шілде күні Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен, «Асыл мұра-Орда’» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Сырдария ауданы көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» әлеуметтік жобасы аясында Құрбан айт мерекесіне орай жастар арасында қазақша күрес сайысы өткізілді. Сырдария аудандық әкімінің орынбасары Байдушев Димаш Серікбайұлы, ауданның бас имамы Асхат Асқаров қатысты. Қазақ күресі — қазақтың ұлттық күресі. Қазақша күрес – қазақ халқының ерте кезден қалыптасқан спорт ойындарының бірі. Басқа халықтардың ұлттық күрес түрлерімен салыстырғанда қазақша күрестің өзіндік ерекшеліктері көп. Кеңес дәуіріне дейін қазақша күрес негізінен әдет-ғұрыпқа байланысты және еңбек процестерінде жеткен жетістіктерін дәріптейтін жиын-тойларда өткізілді. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіледі. Ұлттық спорт түрлерін насихаттау шараның басты мақсаты. Төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандыратын спорт түрінен Тереңөзек кентінің жастары қатысты. Төрешілердін шешімі бойынша сайысқа қатысып, жеңіске жеткен жастары диплом және сыйлықтармен марапаталды. Сонымен қатар ынталандыру орындарына да алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!