Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі әрі ұлттың болмысын, мәдениетін, рухани байлығын айқындайтын басты құндылық. Конституцияда бекітілген мәртебесіне қарамастан, қазақ тілінің қоғамдағы толыққанды орны бүгінгі таңда өзекті мәселе болып қала береді. Мемлекеттік тіл ұлттың бірлігін нығайтып, тәуелсіз ел ретінде дамудың негізгі құралы ретінде қызмет атқарады.
Қазақ тілін дамыту үшін мына маңызды шараларды жүзеге асыру қажет деп ойлаймын.
1. Білім беру жүйесі: Балабақшаға дейінгі барлық білім беру деңгейінде қазақ тіліне ерекше назар аударылып, оны оқыту әдістемелері заман талабына сай жаңғыртылуы тиіс. Қазақ тілінің маңызы мен құндылығын ерте жастан бастап түсіндіріп, оны кеңінен оқыту қажет.
2. Мемлекеттік қызмет: Қазақ тілін мемлекеттік қызметкерлер үшін міндетті талапқа айналдыру және мемлекеттік құжаттарды тек қазақ тілінде жүргізу қажет. Осылайша, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, оны қызмет көрсету саласында да қалыпты жағдайға айналдыру керек.
3. Ақпараттық орта: Қазақ тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдарының саны мен сапасын арттырып, әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде қазақ тілді контенттің үлесін көбейту керек. Бұл тілдің танымалдылығын арттырып, халыққа қолжетімді етуге мүмкіндік береді.
4. Бизнес пен кәсіпкерлік: Қазақ тілі бизнес саласында да кеңінен қолданылуы тиіс. Жарнамалар, құжат айналымы, клиенттермен қарым-қатынас тек қазақ тілінде жүргізілуі қажет. Бұл кәсіпкерлерге мемлекеттік тілді іскерлік салада қолдануды насихаттайды.
5. Жастармен жұмыс: Жастар арасында қазақ тілін заманауи әдістермен насихаттау өте маңызды. Оларға қазақ тілін үйренуге қызықтыратын мобильді қосымшалар мен ойындарды дамыту, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы тілдің маңыздылығын түсіндіру қажет.
Қазақ тілі – ұлттың рухани байлығы, әрі ел болашағының кепілі. Бұл тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлттық бірегейлігіміздің, тәуелсіздігіміздің тірегі болып табылады. Тілді дамыту – әрбір азаматтың парызы. Қазақ тілін толық меңгеру арқылы біз ұлт бірлігін нығайтып, қоғамда рухани жаңғыруға қол жеткізе аламыз.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – еліміздің дамуы мен тәуелсіздігін сақтау үшін маңызды. Қазақ тілін дамыту жолындағы бастамалар тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, әрбір қазақстандықтың саналы түрде атсалысуы арқылы жүзеге асады. Ана тілімізге деген құрмет – біздің ұлттық болашағымыздың кепілі.
М.Бисембаев, "Қызылорда қаласының №1 мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі" филиалының басшысы, аға сот орындаушы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!