бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық блогер жәрмеңке аралап жүріп, саудаласып тұрған ер адам мен әйелге қарап, оларды Қытайдан немесе Вьетнамнан келді деп топшылады. Алайда турист өзінің Жапониядан келгенін айтып, блогерді таңғалдырды.

Жапондық ерлі-зайыптының 10 жыл бұрын біршама уақыт Алматыда тұрғаны белгілі болды. Сол кезде қазақ тілін өздері үйренген.

“Этноауыл ашылғалы осындамыз. Бізге барлығы ұнап жатыр. Осыдан 10 жыл бұрын Алматыда тұрдық, сол кзде аздап қазақ тілін үйрендік. Қазір Жапонияда тұрамыз”, – келіншек.

Ол жанындағы күйеуін таныстырып, V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына орай келгенін айтты. Айтуынша, Астанада өтіп жатқан сайыстың ұйымдастырылуы көңінен шыққан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!