Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 23 бойжеткен еліміздің бірінші аруы атағы үшін күресті. «Қазақстан аруы-2022» атағы 24 жастағы астаналық Томирис Кәкімоваға бұйырды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Байқаудың ақтық сынына 12 қыз шықты. 

«Томирис Какимова, 24 жаста, Астана қаласы. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бакалавриатын халықаралық құқық мамандығы бойынша бітіріп, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде заңтану магистрі дәрежесін алды. Академиялық білім алуға қарамастан, ару шығармашылыққа уақыт табуға тырысқан.

Томирис бала кезінен биге құмар және ұлттық би бойынша гран-при жүлдегері бола отырып, түрлі жарыстқа қатысады. Ол спортпен және йогамен айналысуға уақыт табуға тырысады, ал бос уақытын отбасымен және туыстарымен өткізеді», – делінген жеңімпаз туралы ресми парақшада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!