Фото: ашық дереккөзден

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек енді Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер мемлекеттік тілден емтиханды қалай тапсыратынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, тест 3 бөліктен тұрады. Біріншісі, қазақ тілін білу. Екіншісі, Конституция негіздері. Үшіншісі, Қазақстан тарихының негіздері.

«Сынақты Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер тапсыруға міндетті. Алайда талаптан босатылғандар да бар. Мәселен, президент бекіткен тізім бойынша – жасөспірімдер мен мүмкіндігі шектеулі адамдар», – деді ол.

Сондай-ақ министр Қазақстан азаматтығын алғанда мемлекеттік тілді білу деңгейі қалай анықталатынын айтты.

«Бұл сұраққа филологтар жауап береді. Мысалы, бізде «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бар. Біз бұл сынақтарды құрастырып, оның қалай жұмыс істейтінін көрсетеміз. Жұмыс енді басталды. Жақында ғана заңға қол қойылды», – деді министр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!